28 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы облыстық еңбек инспекциясы басқармасымен біріге отырып облыс әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваның төрағалығымен Халықаралық Еңбекті қорғау күніне арналған жиналыс өткізді.

Жиынға әлеуметтік әріптестер, облыстық мекемелер басшылары, кәсіподақ жетекшілері, өндірістік кеңес мүшелері мен техникалық инспекторлар қатынасты. Жиналыста өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайы, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздері және өндірістік объектілерді еңбек  жағдайына сәйкес аттестаттау, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғаудағы халықаралық және ұлттық стандарттар, сондай ақ еңбек жағдайын жақсарту мақсатындағы мәселелер талқыланды.

Жиналыс барысында кәсіподақ ұйымдарының үздік өндірістік кеңес мүшелері мен техникалық инспекторлары марапатталды.