Орал қалалық "Батыс Су арнасы" ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының бастамасымен "Мечта" кемпинг демалыс аумағында кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ ұйымының белсенді қызметкерлері арасында спорттық сайыстардан турнир өткізілді.

Аталмыш спорттық сайыс 3 негізгі бөлімнен тұрды. Кәсіподақ ұйымының жастары мен белсенді мүшелері және ардагер кәсіподақ мүшелері арасынан волейбол және "Көңілді эстафета" бәйгелеріне арнайы командалық топтар құрылып, тартысты жарыстар оздырылды.  Аталмыш белсенді спорттық демалыстың үшінші кезеңі - "Балықшылар" байқауымен қорытындыланды. Байқаудың нәтижесінде, жүлделі 1-ші орынды "Батыс Су арнасы" ЖШС-ның бас энергетигі - Э.Истелеев алса, жүлделі 2-ші орын - В.Чуреевке, ал 3-ші орын - Т.Муслимовке бұйырды.

Шараның барлық қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.