Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының жұмыс жоспарына сай 2019 жылдың 1- қазаны күні Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі және Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені базасында ұстаздар мерекесіне орай кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық  және ұлттық ойын түрлерін дәріптеу және ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында аудандық спартакиада өткізілді.

Сайыс ережесі бойынша ерлер арасында асық ату, әйелдер арасында бес асық және волейбол ойыны ұйымдастырылды. Барлығы білім беру ұйымдарынан 15 команда, 182 білім беру қызметкері қатынасты.

Қорытынды бойынша әйелдер арасында бес асық ойынында  І орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясының интернат тәрбиешісі Темірбекова Роза, ІІ орынды Б.Аманшин атындағы ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Мұратқалиева Гүлмаржан,  ІІІ орынды Аққозы ЖОББМБК-нің мектепалды даярлық тобы тәрбиеші Тілепова Тоқжан иеленді. Ерлер арасында асық атудан І орынды Мұхит ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Байыров Нариман, ІІ орынды Қаракөл ЖОББМБК-нің бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі Сыдықов Әлібек және ІІІ орынды Б.Аманшин атындағы ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәні Кенжин Аскат иеленді. Волейбол ойыны бойынша І орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясының командасы, ІІ орынды Аққозы ЖОББМБК-нің командасы, ІІІ орынды Шөптікөл ЖОББМБК-нің командасы иеленді.

Жүлделі орындар иеленген спортшылармен командаларға аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы атынан арнайы диплом, кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.