Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осыдан 22 жыл бұрын еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды.

Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Еркіндік, теңдік пен келісім үлгілері, қазіргі және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік Конституциямыздың өміршеңдігін, тұрақтылығы мен функционалдылығын қамтамасыз етті.

Конституциялық қағидаларды берік ұстану заңдардың қызмет аясын кеңейтіп, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның үдемелі дамуына жол ашты.
Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік, құқықтық және демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды.

Осының бәріне ұлтымыздың Көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен Қазақстан халқының ынтымақтастығы және  бірлігі арқасында қол жеткізгендігіміз даусыз.

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы