БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРЫМ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ» ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

2018 жылдың 10 қараша күні Сырым ауданы, жалпы білім беретін Қазақстан негізгі мектебінде аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы жанынан құрылған «Жастар қанатының» мүшесі Демеу Айкөркем Ғабитқызының ұйымдастыруымен мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлері арасында «Жұлдызды сәт» байқауы өтті. Бұл байқауда қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде ән шырқап, пародия көрсетіп өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар «Талантты жұп», «Комедиялық жұп», «Ең әдемі жұп», «Ең үздік дауыс», «Жарасымды жұп» номинацияларына ие болды. Ал қалған қатысушылар: І орын – Базарбаева Нургайша Умирзаковна, Максимова Құндыз Жанболатқызы; ІІ орын – Айткулов Нурмуханбет Алибекович, Имангалиева Жансулу Амантаевна; ІІІ орын – Раглакова Эльвира Нуруллиевна, Исболова Жанар Сагингалиевна жүлделі орындарға ие болды.

  • Click to enlarge image 1.jpeg
  • Click to enlarge image 2.jpeg
  • Click to enlarge image 3.jpeg
  • Click to enlarge image 4.jpeg
  • Click to enlarge image 5.jpeg
  •