Елімізде 2019 жыл  Жастар жылы деп жарияланды, осыған орай 2019 жылдың 06 ақпан күні Астана қаласында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының ұйымдастыруымен ҚР Кәсіподақтар Федерациясының жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес жұмысына ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Даулеталин, Жастар және отбасы комитеті басшысының у.м.а. Асхат Оралов және Кәсіподақтар Федерациясының жастар бағыты бойынша жауапты тұлғалары, сонымен қатар еліміздің барлық өңірлеріндегі жетекшілер қатысты.

Кеңеске Батыс Қазақстан облысының жұмысшы жастары атынан БҚО АКБ Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Альфия Жақсығалиева қатысты.

Астана сапарынан оралған Альфия Жақсығалиева кеңес жұмысының барысында қарастырылған негізгі мәселелерге тоқталып өтті, олар: ҚР Кәсіподағының жастар қозғалысының жұмысын жаңарту, жастардың кәсіподақтағы белсенділігін арттыру, Жастар жылында жаңа, тың идеяларды жүзеге асыру, сонымен қатар ең өзекті
мәселелердің бірі жастардың әлеуметтік мұқтаждарын шешуге қатысты жобаларды талқылап, жұмыс барысында енгізу.

Өңірлерден келген «Келешек» жастар кеңесінің төрағалары Кеңес аясында тәжірибе алмасып, «Pecha Kucha» форматында жаңа жобалар бойынша ұсыныстарын талқылады.

Альфия Жастар жылы жалындаған әдемі ұрандардан бөлек, жастар игілігіне, олардың әлеуметтік қамтылуына жағдай жасайтын тың жобаларды жүзеге асыру жылы болсын деген тілегін айтып, өзінің де осы мақсатта нақты ісімен үлес қосатын ойын білдірді.

 

  • Click to enlarge image IMG-20190209-WA0031.jpg
  • Click to enlarge image IMG-20190209-WA0032.jpg
  • Click to enlarge image IMG-20190209-WA0035.jpg
  •