2019 жылғы 17 маусымда Халықаралық Еңбек Ұйымының 100 жылдығына орай Конференциясының 108 сессиясында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Аталған Меморандум алдыңғы қатарлы практика мен кәсіптік жарақаттануды едәуір төмендетуге, жазатайым оқиғалар мен аурулардың санын қысқартуға мүмкіндік беретін профилактикалық шараларды іске асыру мәселелері бойынша тараптардың күш-жігерін біріктіруді көздейді.

Осыған орай, аталған кездесуде әріптестер «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасы аясында облыс кәсіпорындарында жүргізілетін іс-шараларды жоспарлап, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу бағытын анықтады.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Қазақстан кәсіподағы» газетіне 2020 жылға жазылу кампаниясы және салалық кәсіподақтардың өз бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жазылу  науқанын ұйымдастыру сұрақтары талқыланды.

Кездесу қорытындысында Кәсіподақ орталығының төрағасы 2019 жылдың 24 маусымы күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты көмек көрсеткен облыстың кәсіподақ ұйымдарының өкілдерін «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Б.Бекжановтың алғыс хатымен марапаттады .

  • Click to enlarge image 20190730_150211.jpg
  • Click to enlarge image 20190730_150220.jpg
  • Click to enlarge image 20190730_150240.jpg
  • Click to enlarge image 20190730_151741.jpg
  • Click to enlarge image 20190730_151755.jpg
  • Click to enlarge image 20190730_151832.jpg
  •