Жаңалықтар

2017 жылдың 28 тамыз күні ҚР Конституция күніне орай «Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының» ұйымдастыруымен «Қазақтелеком» АҚ базасында «Еңбек қауіпсіздігі – жұмыскерлердің конституциялық құқығы» атты кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторларымен жиналысы өткізілді.  Жиналысқа БҚО еңбек инспекциясы және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері, салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының техникалық инспекторлары қатынасты. Жиынды алғы сөзбен және ұйымдастырушылардың атынан құттықтауымен «Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы»  аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің мүшесі Т. Мергалиев ашты.   

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осыдан 22 жыл бұрын еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды.

2017 жылдың 15 тамызында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы өтіп, оған денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Мереке Бутина мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Виктор Бежанаров қатысты. 

Елбасының бес институционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында түзілген «100 нақты қадам»...

 «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауымен және "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіру үшін Парламент мәжілісінің депутаты Павел Казанцев облыстық  кәсіподақ өкілдерімен  кездесті.