Батыс Қазақстан облысында белсенді бастау алып жатқан «Дәрігерлерге алғыс!» челленджіне Батыс Қазақстан облысы «Кәсіподақтар Орталығы» АКБ-і жанындағы «Келешек» жастар ісі жөніндегі кеңес жастары да үн қосты.

«Елімізде орын алып отырған қазіргі ахуал халықымыздан үлкен шыдамдылықпен, барынша мұқият сақтанушылықты сұрайды. Біздегі қобалжу мен қорқыныш дәрігерлеріміздің еңкеймен, есеңсімей ел үшін көрсетіп жатқан қызметтерін көріп бойға сенім ұялатады. Аталмыш жұқпалы кесірге қарсы шығып, ел-жұрты үшін аянбай еңбек етіп жатырған бұл сала мамандары бүгінгі сәттің нағыз қаһармандары десек те болады. Сондықтан біз - Кәсіподақ жастары, дәрігерлерімізге ерекше алғыс айтамыз» - дейді, Батыс Қазақстан облыстық «Келешек» жастар ісі жөніндегі кеңесінің жетекшісі. Бүгінгі таңда елімізге енгізілген төтенше жағдайға байланысты ақ халаттылардың жұмыс кестесі өзгеретінін, төрт ауысымдық жұмыстың енгізілетіндігі туралы қарастырылуда. «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы емханаларға өңірлерден дәрігерлер шақыртылып жатқанын, министрлік тарапынан көп жағдайдың жасалатындығын хабарлады. «Осындай жағдайда жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге 2-3 ай бойы жалақысын 2-3 есе көтеру мәселесі штабта қарастырылып жатыр», – деді ресми өкіл өз сөзінде.