«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПТІК ОДАҒЫНЫҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ «РӘМІЗДЕР – ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМНІҢ БОЙТҰМАРЫ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Бұл шара Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымының орынбасары А.Мукашеваның 12.05.2017 ж. № 01-09/271 хаты негізінде облыстық кәсіподақ ұйымының аудандық және қалалық мектептер мен облыстық білім беру орталықтары арасында 3 аймақта ұйымдастырылып өткізілді.

Мәртебелі мамандық иелерінің мерекесі қарсаңында дарында балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде ұйымдастырылған облыс көлеміндегі байқауға өңіріміздегі білім саласының жас мамандары қатысты. Алдымен құттықтау сөз алған аталмыш қоғамдық бірлестік төрағасы Марат Даупаев: – Жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған мұндай байқау біздің салада алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын және мұндай шараларды кәсіподақ жастары арасында дәстүрге айналдыру туралы айтып өтті.
Қала және аудан мектептерінің намысын қорғап, байқауда бақ сынаған жас қалам иелері өз шығармаларында тәуелсіздік, ел рәміздері, Отан, туған жер туралы жырлады. Облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, п.ғ.к., Атқару комитетінің мүшесі Софья Ізмұханбетова бастаған қазылар құрамы үміткерлердің сөз саптауын, мәнерлеп оқуын, сахна мәдениетін ескере отырып, әділ шешім шығарды. Нәтижесінде жаңақалалық Жанайдар Болатбекұлы, ақжайықтық Бекболат Қаленов, шыңғырлаулық Самат Байболатов 3-орынды өзара бөлісті. Екінші орынға бөкейордалық Шыңғыс Ромашев пен зеленовтық Ерназар Амангелдіұлы лайық деп танылды. Ал 1-орынды қаратөбелік Еркінғали Жұбанов жеңіп алса, бас жүлде Серебряков ЖОББМ (Орал) бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Бауыржан Зинешовке бұйырды. Жүлдегерлерге өңіріміздегі салалық кәсіподақ ұйымы атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ аппаратының бас маманы Марина Темиргалиева бүгінгі шарада қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшінАтқару комитетінің атынан алғыс хат иеленген кәсіподақ ұйымының белсенді жетекшілері – Шадгалиева Айнұр Маратқызы (Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернаты); Кидришева Айнагүл Оразақызы (Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжінің бастауыш кәсіподақ төрайымы); Атош Гүлнар Садыққызы (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп–интернат кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы); (Кусаинова Жанар Амангелдіқызы – қалалық № 1 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы; Давлетов Кәкім Орынбасарұлы (қалалық А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы); Симгалиева Рухия Асқарқызы (қалалық № 14 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының  төрайымы); Мырзашева Эльмира Набиуллақызына (қалалық № 44 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы) осы шараны ұйымдастыруға қосқан үлестеріне ризашылығын білдіріп, Жастар кеңесінің жұмысын әлі де жандандыруға атсалысып оларды белсенділік танытуға шақырды.
Ардагер ұстаздардың ізін басқан жас мамандардың шығармашылығынан сусындаған тыңдармандар да рухани күш жинады. Әсерлі шара барысында аға буын сала өкілдеріне құрмет көрсетілді. Сонымен қатар Дархан Құлбабаев, Айым Шекеева және Сәкен мектебінің өнерпаз шәкірттері әдемі ән-билерімен мерекелік көңіл күй орнатты.

БҚО Кәсіподақтар орталығы