2017 жылдың 3 қарашасында Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығында «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалын құруға бағыттылған конференция өткізілді. Жиынға «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, сондай ақ, коммуналдық мекемелер және құрылыс секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Жиынның ашылуында сөз алған Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов кәсіподақ ұйымдарының өкілеттіліктері мен құзыретіне тоқталып, бүгінгі жиынның мақсаты «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалын құру екендігін жеткізді.
Бұдан соң күн тәртібіндегі мәселелерге орай «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалын құру талқыға салынып, қатысушылар бұған бірауыздан дауыс берді. Сөз алған кәсіподақ белсенділері төрағалыққа еңбек адамының жағдайын жақсы білетін және бұған дейін жаңа кәсіподақты құруда үйлестіруші болып көзге түскен Ғ. Сахиповтың кандидатурасын ұсынды. Қатысушылар осы ұсынысты қолдап бірауыздан дауыс берді. Сонымен қатар жиынға қатысушылар салалық кәсіподақтың Кеңес және Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлады. «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып сайланған Ғарапша Сахипов көрсетілген сенім үшін әріптестеріне алғысын бірдірді.
Конференция жұмысына қатысқан «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Иликпаева сөз сөйлеп, жаңа кәсіподақ ұйымының қызметіне табыс тіледі және кәсіподақ жұмысынан жаңаша леп күтетінін жеткізді.
Қазіргі уақытта елімізде кәсіподақтар азаматтық қоғамның маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі қоғамдағы болып жатырған оң өзгерістер көп жағдайда әлеуметтік тұрақтылыққа, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына, еңбек заңдылықтарының сақталуына байланысты және бұл мәселеде кәсіподақтардың үлкен үлесі бар. Қазіргі күні бітім-болмысы жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым-кәсіподақ және ол халық арасында зор сенімге, айтулы беделге ие ұйымдардың біріне айналып келеді. Бұл қоғамдық ұйым жергілікті жердегі сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмысшылардың жанашыры.
Кәсіподақтардың бүгінгі мақсаты-Елбасымыз айтқандай, халық болып, ел болып, бірлік пен ынтымақтастық көрсете отырып егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтап қалу, 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру және еңбек адамдары құқықтарының бұзылуына жол бермеу.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының Федерациясы екі миллионның үстінде кәсіподақ мүшелерін біріктіріп отыр. Осындай мүшесі бар бірде бір қоғамдық ұйым жоқ. Сонымен бірге кәсіподақтар Федерациясы құрамына 18 салалық және 16 аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерін біріктіріп отырған ең өкілетті ұйымдардың бірі.
Бүгінгі күні кәсіподақтар Федерациясы жалпы кәсіподақтар Конфедерациясының, халықаралық кәсіподақтар Конфедерациясының мүшелік ұйымы және Халықаралық Еңбек ұйымымен тығыз байланыс орнатқан.
Қазақстан Республикасының кәсіподақтары Федерациясының халықаралық кәсіподақтар Конфедерациясының құрамына кіруі Қазақстан кәсіподақтарының қызметінде, шын мәнінде тарихи оқиғалардың бірі деп атап өтуге болады.
Өйткені Халықаралық кәсіподақтар Конфедерациясы әлемдегі 162 елдің 180 миллион жұмысшыларын біріктіретін әлемдегі ең ірі Конфедерация. Бүгінгі таңда халықаралық кәсіподақтар Конфедерациясының құрамына 328 мүшелік ұйым кіреді.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының Федерациясы бірлесу мен ірілендіруге, еңбек қатынастарын реттеудегі жауапкершілікті арттыруға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, ұйымдық-қаржылық жұмысты жетілдіруге, кадрлар рөлі, резерв дайындауға, еңбек ететін әйелдермен жастармен жұмысқа, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға бағытталған жаңа бағыт алды. Яғни қазақстандық кәсіподақтар қызметіндегі жаңартулар мен реформалардың түпкі мақсаты-қоғамдағы өзінің беделін арттыру; әлеуметтік әріптестікті жетілдіру; кадрлық әлеуетті басқару; еңбек адамдарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін іс жүзінде қорғау болып табылады.
Қай қоғамда болмасын, жұмыс беруші мен жұмысшылар немесе қызметкерлер арасында жалақы төлеу, құқығын шектеу және басқа да мәселелер бойынша даулы проблемалар туындап отырады. Кейде еңбек даулары сот арқылы шешіледі. Ал асқынып кеткен жағдайлар жұмысшылардың ереуілге шығуына алып келеді. Мәселені ушықтырмай, істі сотқа алып бармай, не жұмысшылардың наразылық акт жасауына дейін жеткізбей шешуде үлкен рөл атқаратын қоғамдық маңызы зор институт бар. Ол – кәсіподақ ұйымдары.
Жұмыс беруші мен қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыруда кәсіподақ ұйымдарының рөлі айрықша. Ал кәсіподақтың қызметін заңмен реттеп, осындай дауларға араласуға, жұмысшының мүддесін қорғауға өкілдік беру – мемлекеттің міндеті. Осы орайда кәсіподақтардың жұмысына жаңадан серпіліс берген қазақстандағы кәсіподақтардың құқығы мен жауапкершілігін және кәсіподақтардың қызметіне қатысты бірқатар шараларды қамтитын 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» жаңа Заңының қабылдануы болды. Өйткені Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылданған «Кәсіподақтар туралы» Заңындағы көптеген ережелер өмір ағымынан кейін қалып қойды, кейбір нормаларда қарама-қайшылықтар кездесіп, Заң түбегейлі өзгертуді қажет етті.
Жаңа заңға сәйкес кәсіподақ саласында кадрлық, құрылымдық және жүйелік түбегейлі өзгерістер болды. Жаңа заңмен кәсіподақтардың қызметі реттеліп, оған жұмысшы мүддесін қорғауға өкілдік берілді. Заң тәуелсіз еліміздегі кәсіподақ ұйымының мәртебесін көтере отырып, еңбек адамының құқықтарын бұзуға жол бермеуді көздейді. Барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары күшейтіліп, міндеттері айқындалып, мақсаттары нақтыланды.
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің басты құралдарының бірі-әлеуметтік әріптестік болып табылады. Кәсіподақтар бар мекемелер мен ұйымдарда ғана әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер мен ұжымдық шарттар жасалатындығын да тәжірибе көрсетіп отыр.
Өмірдегі барлық азаматтық қарым-қатынастарға тән еңбек қатынастарында да мүдделік, қайшылықтарға орын алдыруы мүмкін. Өйткені жұмыс берушілер жұмысшылардың еңбегін пайдалану арқылы пайда табуды көздесе, жұмысшылар еңбек етуге қолайлы, қауіпсіз жағдай жасалуын, өздерінің еңбектерінің лайықты да, әділетті түрде бағаланғандарын қалап отырады. Сондықтан қоғамдағы осындай екі бағыттағы мақсаттарға сәйкес еңбек-әлеуметтік қатынастар қайшылығын мейлінше азайту үшін жұмысшылардың кәсіподаққа бірігу қажеттілігі жойылмайды. Себебі еңбек қатынастарының басым көпшілігі әлеуметтік әріптестік негізінде жасақталған келісім шарттармен реттеледі.
Мемлекеттік еңбек қатынастарын жетілдіру қызметіндегі негізгі әріптестердің бірі-кәсіподақтар. Әрбір кәсіподақ мүшесі өзінің құқықтарын қорғауда кәсіподаққа сенім артады. Сол сенімді ақтау-әр кәсіподақтың басшылары мен белсенділерінің басты міндеті. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс деп есептейміз.
Құрметті әріптестер, қысқаша айтатын болсақ қазіргі таңда құрылайын деп отырған «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалы (әрі қарай салалық кәсіподақ) - бұл біріккен ұйым және коммерциялық емес мекеме, біздің салалық кәсіподақтағы мүшелеріміздің еңбек құқығын сақтауға бағытталған.
Біз өзіміздің жұмыс барысында салалық кәсіподақ жарғысын, филиал ережесін басшылыққа алуымыз керек.
Аудандарда бастауыш кәсіподақ ұйымын құру жөніндегі бұл мәселе бірнеше рет көтерілгендіктен, Сіздердің хаттамалық шешімдеріңізге сәйкес, бірден «Тұрғын –үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» біріккен ұйымының Батыс Қазақстан облыстық филиалын құру жөнінде ұсыныс түсіремін.
Басқосуға облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Базарбаев және аймақтағы мәдениет ошақтарының басшылары қатысты.
Жиынның ашылуында сөз алған мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстарына тоқталып, өткен жылы Астанада мәдениет, спорт және ақпарат салалық кәсіподағының VI съезі өткенін, күн тәртібінде 2010-2015 жылдарда жүргізілген жұмыстың қорытындысы тыңдалып, алдағы бес жылға жоспарлар жасақталғанын айтты. Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағы еліміздің Астана мен Алматы қалаларында және 13 облысында құрылғанын, бұл жұмыстардан Маңғыстау облысы қалып отырғанын, бүгінгі жиынның да мақсаты өңірде мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің кәсіподағын құру екендігін жеткізді.
–Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Қазақстандық кәсіподақтар –тұрақтылықтың негізі, әлеуметтік-еңбек қатынастардың түп тамыры». Кәсіподақ – жұмыс беруші мен жұмыскер арасында дәнекерлік қызметті атқарып, түрлі сала еңбеккерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда әділеттілікке арқа сүйеген ұйым. Біздің басты міндетіміз – сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестікті дамыту, қатарымызды ұйымдық тұрғыдан нығайту, жастар саясатын дамытуға қолдау білдіру. Осы міндеттерді орындау үшін кәсіподақ тарапынан жасалынатын амал-әрекеттер қарастырылып, іс-шаралар жасақталған. Біз Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы болғандықтан, шетелдік салалық кәсіподақтармен де тығыз қарым-қатынаста болуымыз маңызды. Себебі, әрбір мемлекеттің визиттік картасы – спорт пен мәдениет. Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтары Мәскеудегі Халықаралық кәсіподақтар ұйымы, Италиядағы Орындаушы актерлер федерациясымен қызметтік байланыстар орнатқан. Салалық кәсіподақ ретінде халықаралық аренаға шығуға талпынып жатқан жайымыз бар. Бүгінгі таңда біздің салалық кәсіподақ Қытай Халық Республикасы мен Түркия Республикасының сәйкес кәсіподақтарымен келісімшартқа қол қойды, енді соның негізінде өзара қарым-қатынасты дамытуды көздеп отырмыз. Шетелдерде өтетін түрлі басқосуларға үнемі қатысып отырамыз. Бұл қатынастар да сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, білімдерін жетілдіруде, тәжірибе алмасуға көп септігін тигізеді. Жалпы, бүгінгі таңда мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіптік одағының құрамында 13 облыстық, Алматы мен Астанада қалалық филиалдары жұмыс істейді. 50 мыңнан астам адам кәсіподағымыздың мүшесі. Олардың қатарын бүгінгі жиыннан кейін киелі түбек Маңғыстау облысының мәдениет және спорт саласының қызметкерлері толықтырады деп сенемін, – деген Светлана Иманқұлова кәсіподақ ұйымдарының жұмысында ұжымдық шарт жасау алғашқы кезекке қойылатын мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ұжымдық шартта еңбек пен демалу қауіпсіздігі, лайықты еңбекақы төлеу, түрлі әлеуметтік жеңілдіктер көрініс тапқан.
Жиын соңында облыста Маңғыстау облысының мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің кәсіподағын құру жөніндегі ұсынысты қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Төрағасы болып облыстық Н.Жантөрин атындағы драма театрының директоры Нұрнияз Мұқанов сайланды.