МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛЫ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ АППАРАТЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
2017 жылдың 25-ші қазанында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аппарат қызметкерлері Қаратөбе ауданында іссапарда болып Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлы мақаласы тақырыбы аясында кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, ауданның бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ төрағалары және Қаратөбе колледжінің төрағасы мен колледж директоры Маулен Салахадин, жастар комитетінің жетекшілері қатысты. Қаратөбе аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Гауһар Жақияқызы дөңгелек үстелдің күн тәртібімен таныстырды. Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев алғы сөз алып, Елбасының атаулы бағдарламалық мақаласында белгіленген бағыттар бойынша саналы ұлт тәрбиелейтін, қиын шақтарға қарамастан ұлы істерде бастама көрсете білетін ұстаздар қауымының аталған тарихи жаңғыру үрдісіне де қолдау білдіретіне сенім білдіретіні туралы айтып өтті.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлы мақаласы аясында Қаратөбе аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы және Қаратөбе колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшесі, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері ұжымдағы еңбек қатынастары мен кәсіподақтардың бүгінгі тыныс – тіршілігі туралы дайындаған баяндамалары тыңдалды.
Бекітілген регламент бойынша пікірлесу кезінде дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру саласындағы кейбір қоғамдық мәселелер мен кәсіподақ қызметі және ұжымдық шарттар жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Марина Темиргалиева кәсіподақ қатарында қаншама жылдан бері мүше болып, оған сенім артып отырған кәсіподақ ұжымдарымен кездесудің маңыздылығын айта отырып, жастар комитеттерінің жұмыстарына көңіл бөліп, оны жандандыру қажеттігін айтты.
Облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Оразаұлы Қаратөбе ауданының бірқатар белсенді кәсіподақ төрағаларына Орталық комитеттің және облыстық кәсіподақ ұйымынын тарапынан құрмет грамоталарын, көп жылдар Қаратөбе ауданының кәсіподақ төрайымы болған Дина Саматқызына алғыс хат және марапат иелеріне заттай сыйлықтар табыс етті. Іссапар барысында облыстық кәсіподақ төрағасы педагог қызметкерлерге берілетін біржолғы компенсация мен тегін медициналық тексерістен өткізу мәселелерімен жергілікті аудан әкімімен кездесті.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫ