КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНДА «ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАҢЫЗ!»   

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА  ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ

ОРЫНДАЛУЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ  ЖҮРГІЗІЛДІ

 

Ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айларында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аппаратының бас мамандары Атқару комитетінің қаулысымен «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы аясында Сырым, Бөкейордасы, Жәнібек, Казталовка, Ақжайық, Жаңақала аудандық кәсіподақ ұйымы төрағаларымен оқыту – семинарын  өткізіп, білім беру мекемелерінде заң талаптарының орындалуына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Семинардың мақсаты – бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек  саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу деңгейін арттыру.

Осы бағытта кәсіподақ белсенділерімен «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясын өткізудің іс – шаралар жоспары бойынша еңбек қатынастарын заңдастыру тәртібі және білім беру мекемелеріндегі еңбеккерлермен еңбек шарттарының жасасу тәртіптерінің сақталуына және ұжымдық шарттардың орындалуына аса мән беріліп, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді уақытылы аударылуының маңыздылығы туралы ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркеуден өткен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы, Батыс Қазақстан облысының білім  басқармасы  және  Батыс   Қазақстан  облысының   кәсіпкерлер палатасы  арасында  2018-2020 жылдарға жасалған Әлеуметтік әріптестік туралы  үш жақты келісімнің Ережелері таныстырылды.  

Осы Келісім негізінде қолданыстағы ұжымдық шарттардың жаңартылуы немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі  туралы айтылып, электронды  түрде қажетті материалдар (құрылымына қарай Ұжымдық шарттардың жобалары, Келісімнің қосымшалары: Өндірістік кеңес туралы Ереже, Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы Ереже, Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісім  комиссиясы туралы Ереже) таратылды.

Қоғамдық бақылау жүргізудің негізгі мақсаты кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған жағдайда заң аясында қалпына келтіріп, заң бұзушылықтың алдын алу, әдістемелік көмек көрсету.

Осы бағытта білім саласындағы облыстық кәсіподақтың Атқару Комитетімен  бекітілген   қоғамдық   бақылауды   жүзеге   асыру   кестесі бойынша

ü  Сырым ауданы – Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі (101 кәсіподақ мүшесі бар)  және «Балдырған» балабақшасы (45 кәсіподақ мүшесі бар);

ü   Бөкейордасы ауданы – «Ертөстік» республикалық балабақшасы (79 кәсіподақ мүшесі бар), М.Мәметова атындағы ЖОББМ (104 кәсіподақ мүшесі бар),  Бөкейордасы колледжі (63);

ü  Жәнібек ауданы – Т.Жароков атындағы ЖОББМ (), № 1 мектеп – лицейі (91 кәсіподақ мүшесі бар), «Балдәурен» балабақшасы  (46 кәсіподақ мүшесі бар),  М.Б.Ихсанов атындағы «Жәнібек» колледжі (82 кәсіподақ мүшесі бар);

ü  Казталов ауданы – Әжібай ауылы «Ақтілек» балабақшасы (24 кәсіподақ мүшесі бар),  «Бірік» ОЖББМ (74 кәсіподақ мүшесі бар);

ü  Ақжайық ауданы – М.Әуезов атындағы ЖОББМ (128 кәсіподақ мүшесі бар),  «Ақбота» балабақшасы (38 кәсіподақ мүшесі бар), Ақжайық аграрлық – техникалық колледжі (70 кәсіподақ мүшесі бар);

ü  Жаңақала ауданы – Жаңақала ЖОББМ (137 кәсіподақ мүшесі бар), «Жауқазын» бөбекжайы (40 кәсіподақ мүшесі бар), Жаңақала колледжі (89 кәсіподақ мүшесі бар) мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасының сақталуына (соның ішінде еңбек шартының жасалуына) және ұжымдық шарттардың орындалуына қоғамдық бақылау жүзеге асырылды.

Жұмыс барысында білім беру мекемесінің басшысы, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор және кадр жөніндегі іс-қағаз жүргізушінің қатысуымен еңбек шартының ҚР заңнамасына сәйкес болуы, ондағы жұмыс уақыты мен тынығу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы және оларды беру тәртібінің сақталуы қаралды.

 Жоғарыда аталған білім беру мекемелерінде профилактикалық бақылау жүргізу нәтижесі бойынша, еңбек шартын жасасу кезінде кейбір ҚР Еңбек кодексінің талаптарының сақталмағаны және ұжымдық шарттарының қолданылу мерзімдері өткендігі анықталып, түзету шаралары жүргізіліп, ұжымдық шарттарын  жаңартуға кеңес берілді.

 Сонымен қатар, мекеме басшыларына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 97 бабының 3 тармағы бойынша ұжымдық шартта көрсетілген мідеттемелердің орындалмауына кінәлі тұлғаларға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны ескерілді.

 Анықталған заң бұзушылықтар бойынша мекеме басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына мерзімі көрсетіле отырып түзету шаралары, іс-қағаз жүргізушілерге құжаттарды дұрыс рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Қоғамдық бақылау басқа аудандарда да жалғасын тауып, тексеру қорытындысы атқару комитетінде қаралатын болады.

Іс – сапар барысында кәсіподақтың бас мамандары М.Темиргалиева, Г.Құрманғазиевалар осы уақытқа дейін кәсіподақ ұйымы құрылмаған облыстық білім беру басқармасына қарасты Сырым аудандық колледжінің ұжымымен кездесіп, қазіргі таңдағы кәсіподақ саласындағы жаңалықтар мен  Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңымен таныстырып, бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы кеңінен мәлімет берді.   

      Батыс Қазақстан облыстық білім және

      ғылым  қызметкерлері кәсіподағының

      бас  маманы  Гулжанат Курмангазиева