Жаңалықтар

2017 жылдың 26 қыркүйек күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Басқосуға жекелеген мекеме-кәсіпорын басшылары, кәсіподақ  жетекшілері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты. Алқалы басқосуды облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов ашып жүргізді. Отырыстың күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «Еңбек қақтығыстарының алдын алу жұмыстары туралы» облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарманың басшысы А. Айтуев хабарлама жасады. Азамат Жұмабайұлының пайымдауынша, өзі басшылық ететін басқарма жүргізіп отырған жүйелі мониторингке сәйкес, өңірде қазір әлеуметтік шиеленістің туындау ықтималдығы елеусіз. Алайда, сол ахуалға кері әсері бар кейбір жағдаяттар орын алып отыр. Мәселен, банкрот болып танылған және оңалту рәсімі жүргізіліп отырған 6 кәсіпорында 97 қызметкерге 94,779 млн. теңге жалақы берешегі қордаланған. Бұдан басқа сот орындаушыларымен атқару өңдірісі қозғалған 2 кәсіпорнында жалақы берешегі 123 қызметкерге 7,592 млн. теңгені құрайды. Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері 103 мекемеде 812 қызметкерге 167,908 млн. теңге көлеміндегі жалақы берешектері өтелген. Заң бұзушылықтарды жою мақсатында 46 нұсқама беріліп, 40 жұмыс берушіге 7,306 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Еңбек инспекциясы мен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік шиеленіс пен еңбек дауларынының алдын алу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПТІК ОДАҒЫНЫҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ «РӘМІЗДЕР – ОТАНШЫЛДЫҚ СЕЗІМНІҢ БОЙТҰМАРЫ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Бұл шара Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымының орынбасары А.Мукашеваның 12.05.2017 ж. № 01-09/271 хаты негізінде облыстық кәсіподақ ұйымының аудандық және қалалық мектептер мен облыстық білім беру орталықтары арасында 3 аймақта ұйымдастырылып өткізілді.

Облыстық мәслихат ғимаратында «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің Батыс Қазақстан облыстық коалициясының кезекті отырысы өткізілді. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған шарада мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу мәселесі және әліпбидің бірыңғай стандарты талқыланды.

Астана қаласында «Сананы жаңғырту және кәсіподақтар: келешегі мен жетілдіру жолдары» атты форум өтуде. Шараның ашылу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов жаңғырту мәселесі әрбір адамның мүддесін қозғайтындығын атап өтті.

2017 жылдың 1-ші тамызынан 30-шы қыркүйек аралығында Қазақстанда «Мектепке апарар жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталған болатын. Аталған шара биылғы оқу жылында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен өтіп жатыр. Шараның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық жасау кезеңінде материалдық және басқа да көмек көрсету.