«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауымен және "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіру үшін Парламент мәжілісінің депутаты Павел Казанцев облыстық кәсіподақ өкілдерімен кездесті.
Отырысқа «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанова, «БҚО Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Салықов және салалық кәсіподақтардың төрағалары, жергілікті кәсіподақ мүшелерінің жетекшілері, мамандары қатысты. Павел Казанцев қазіргі уақытта маңызды геоэкономикалық және геосаяси оқиғалардың болып жатқандығын,сонымен қатар, көпқырлы әлемді қайта құрылымдау жұмыстарының жүргізілетіндігін атап өтті. Елбасының жолдауы, сондай-ақ конституциялық реформалар мен «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғарту» мақаласы, мәжіліс депутатының айтуынша, еліміздің тұрақты даму векторларын анықтап, табысты болашағының негізін қалап отыр. Долларға және мұнай кірістеріне тәуелділіктен біртіндеп құтылып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде инновациялық және зияткерлік технологияларға көшу біздің ел үшін маңызды бастама болып табылады,- деп Павел Казанцев атап өтті.
ҚР Парламентінің келесі сессиясы 3-ші қыркүйекте басталады, онда алдағы уақытта депутаттар тұрақты дамыту жұмыстарын жүзеге асыру үшін экономикалық мәселелермен жұмыс атқаратын болады. Өздеріңіз білетіндей, жаңа Конституцияға сәйкес Парламенттің жауапкершілігі зор,- деді Павел Казанцев. Депутаттың айтуынша, Президент өзінің бағдарламалық құжаттарында еліміздің экономикалық бағытта дамып халықтың жұмыспен қамтылуына аса мән береді. – Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы шағын және орта бизнестің үлесі ІЖӨ-де 40% -ды құрағанда ғана әлемдік тәжірибеге сәйкес болады. Бүгінгі таңда біздің Қазақстанда бұл көрсеткіш саны 23-26% -ды құраса, мемлекет басшысы отандық бизнестің көлемі елімізде ІЖӨ-нің 50% -ын құрауын міндеттеді. Бұл кәсіпкерлікті дамыту үшін қуатты серпін, өйткені қызмет көрсету саласы әрқашан сұранысқа ие, бірақ бұл мәселемен мемлекет емес, бизнес-ұйымдары жұмыс жасауы қажет, себебі бұған жұмыс күшін жұмылдыру арқылы жұмыссыздық мәселесі шешіледі,- деп тұжырымдады Павел Казанцев. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының қолға алынуы құптарлық жағдай екенін, өйткені сол есімдерге қарап, еліміздің жастары бой түзейтінін, олардың бойында өз елінің патриоты дегн түсінік қалыптасатынын және ол жоба барысына кәсіподақ өкілдері мен қоғамдық бірлестіктердің үлкен үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар, түрлі қоғамдық бірлестік өкілдерінің көптен күтіп жүрген еріктілер туралы заңы айтылып кетті. Жиналған қауым депутаттардың атқарған жұмыстарына оң баға бере отырып, өңірдегі жағдай туралы айтып өтті және заңдағы өзгерістер мен толықтыруларға өз көзқарастарын білдірді. Алдағы уақытта Парламентпен ақпараттық қауіпсіздік туралы заңға, оның ішінде, интернет желісіндегі жала жабу және қорлауды қамтитын анонимдік арыздар бойынша заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қарастырылады,- деп атап кетті Павел Казанцев. ҚР Парламенті Мәжілісінің барлық отырысы 1-ші қыркүйектен бастап онлайн түрінде өткізіледі, жұмыстың жаңа форматы ашықтық пен айқындықты көздейді, сондықтан барлық азаматтар еліміздің тағдырына немқұрайлылық танытпай, заңнамалық бастамаларға белсенді қатыса алады.
БҚО Кәсіподақтар орталығы