Ағымдағы жылдың қазан айының 19 күні Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қалалық № 9 жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш кәсіподақ ұжымында мектептің 30 жылдығын атап өту мақсатында шара ұйымдастырылып өткізілді.
Шараға облыстық білім саласының кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев және бас маман Марина Темиргалиева қатысып, Атқару комитетінің атынан құттықтау сөз сөйлеп, білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан бірқатар кәсіподақ мүшелерін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облыстық ұйымының» құрмет грамотасымен марапаттады.
Ал, сол мектептің басшысы Зимарева Ирина Викторовнаға белсенді әлеуметтік әріптес ретінде кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтарының сақталуы мен кәсіподақ жұмысының алға басуына қосқан үлесі үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табыс етілді.
Мектептің мерейтойының қонағы ретінде арнайы шақырылған сол мектепте 30 жыл еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ