Бекітілді
2014 жылғы
Бас кеңестің № ___ Қаулысымен
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі
«______________________ облысының
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
Кәсіподақтар орталығының»
ТИПТІК ЖАРҒЫСЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Аумақтық Кәсіподақтар бірлестігі «______________облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Кәсіподақтар орталығы» (бұдан былай Кәсіподақтар орталығы) кәсіподақтардың бірлестігі, коммерциялық емес ұйым болып табылады және басқа ұйымдастыру-құқықтық үлгіде құрылады. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының (бұдан былай – Федерация) құрылымына кіреді және оның мүше ұйымы болып табылады.