Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы кәсіподақ мүшелерінің балаларына жазғы демалыс ұйымдастыруға жыл сайын көп көңіл болып отырады.
Осы мақсатпен Облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы 2018 жылы 15 мамыр күні Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығына қарасты «Евразия» туристік сауықтыру кешенін, «Самал» туристік лагерін аралап, жазғы демалысқа дайындықтарын көрді. Лагердің бағдарламасымен танысып, балалардың демалуына қандай мүмкіншіліктер бар екендігін көріп қайтты.
Осы сауықтыру кешендерінде балалар жазғы демалыстарын қызықты және көңілді өткізулеріне көп мүмкіншіліктер алады.