2018 жылдың 10 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы облыстық салалық кәсіподақтармен бірлесе отырып, Халықаралық қарттар күніне орай кәсіподақ ардагерлерімен  кездесу ұйымдастырды. Ардагерлермен кездесу кәсіподақ ұйымдарында қайырымды дәстүрге айналған.

Кездесуге шақырылған кәсіподақ ардагерлері қатарынан Анищенко Светлана Николаевна,  Сейтқалиева Набия Өтешқызы, Бариева Сайран Бариқызы және тағы басқа да кәсіподаққа еңбегі сіңген ардагерлер болды, сонымен бірге отырысқа салалық кәсіподақтардың облыстық филиалдарының төрағалары қатынасты.
Кездесуде болған еңбек ардагерлері өздерінің жұмыс жасаған уақыттарын қызығылықты етіп әңгімелеп, өз естеліктерімен және ойларымен бөлісті. Сондай ақ бүгінгі өмір жайы да назардан тыс қалған жоқ. Ардагерлер Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Жолдауының маңыздылығына тоқталып кетті. Атап айтқанда педогог мәртебесі, ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру мәселелері сөз болды. Сондай ақ ардагерлер еліміздің жаңғыру және жаңару жолындағы кәсіподақ ұйымдарының еңбектерін атап өтті. Кездесу барысында кәсіподақ ардагерлерінің ақылдары, жұмыс тәжірибелері, білім-біліктіліктері кейінгі ұрпақ үшін таптырмас қазына екендігі айтылды. Қабылдау соңында кәсіподақ ардагерлеріне сый сияпаттар ұсынылды. Ардагерлер өз ризашылықтарын білдіріп, кәсіподақ ұйымдарына ақ тілектерін айта келіп  табыс және өнімді еңбек тіледі.

  • Click to enlarge image 1_600x448.jpg
  • Click to enlarge image 2_600x305.jpg
  •