БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ  ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНДА

 БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

 

Ағымдағы жылдың 16 - қазан күндері "Еңбек шартын жасаңыз" республикалық акциясы аясында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының мамандары М.Теміргалиева, Г.Курмангазиеваның қатысуымен бейресми еңбек қатынастарының алдын алу және анықтау, еңбек қатынастарың жасырын нысандарын қысқарту, азаматтардың жұмыс әлеміндегі құқықтары туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында шара ұйымдастырылды.

Шараның бірінші бөлімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауына талдау жүргізілсе, екінші бөлімінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетілді.

 

БҚО, Шыңғырлау ауданы