Ағымдағы жылдың 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында өткізілген «Мерейлі отбасы – 2018» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаз-жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев, бас маман Марина Темиргалиева қатысты.
Ұлттық байқаудың қалалық кезеңінің бас жүлдесін жеңіп алған Алмагамбетовтар отбасына Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы атынан «Зеленый бор» (Бурабай) шипажайына тегін жолдама табыс етілді.
Жеңімпаз атанған отбасының анасы – Алмагамбетова Наталья Александровна, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшесі, қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы.