2018 жылдың 16 наурызында КАЗИИТУ ғылыми-білім кешенінде ҚРКФ Оқыту, зерттеу және дауларды реттеу орталығымен бірлескен «Қазақстандағы еңбек ақы төлеу жүйесі, еңбек дауларын реттеу және әлеуметтік әріптестік мәселелері» тақырыбында семинар оздырылды. Семинарды алғы сөзбен Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Ербол Салықов ашып, кәсіподақтардың бүгінгі жай күйіне тоқталып өтті. Оқытуды ҚРКФ Оқыту, зерттеу және дауларды реттеу орталығының директоры, экономика ғылымдарының докторы Қажыкен Мейрам Зекешұлы жүргізді. Семинарға облыстағы салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдері және кәсіподақ белсенділері – барлығы 72 адам қатынасты. Оқыту барысында қатысушылар қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы еңбекақы, ҚР Еңбек кодексі бойынша өндіріс орындарындағы еңбек ақы төлеу тәртібі, ең төменгі әлеуметтік кепілдіктер, қолайсыз еңбек жағдайындағы жұмыскерлерге ақы төлеудің жаңа ыңғайы жайында толық ақпарат алды. Ұжымдық шарт дайындау мен жасау, ондағы еңбек ақының төлену мәселелері қатысушылардың қызу талқысын тудырып, көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алды. Семинар соңында қатысушылар ҚРКФ оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығының сертификаттарымен марапатталды.