2019 жылы 4 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ІХ Пленумы өткізілді. Осы шараға президиум мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және төрайымдары қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясын жаңғырту бойынша 2018-2019 жылғы Жол картасын іске асыру бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының қорытынды жұмысы, облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы Комитетінің құрамындағы өзгерістер және Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралды.

 


«Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық бірлестігінің төрайымы, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағалығына Сүлеймен Серік Кенжебекұлының кандидатурасын ұсынды. Пленум мүшелері С.К.Сүлейменнің кандидатурасын бірауыздан жақтап дауыс берді. Пленумда қаралған мәселелер бойынша қаулылар бірауыздан қабылданды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының Президиум мүшелері осы кезге дейін облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін атқарып келген Есекенова Айгүл Оразқызына зор денсаулық, жаңа қызметіне үлкен жетістіктер тілеп, алғыстарын білдірді.