2018 жылы 27 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының VII Пленумы өткізілді. Осы шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Бас кеңесінің мүшесі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыпов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов, «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Ғұмарұлы Салықов, аудандық кәсіподақ ұйымдары және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы комитетінің құрамындағы өзгерістер туралы, Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасын сайлау туралы, Президиум мүшелерін, тексеру комиссиясының және тұрақты комиссияларының жаңа құрамын сайлау мәселелері қаралды.
«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы М.Жақыпов Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағалығына Айгүл Оразқызы Есекенованың кандидатурасын ұсынды. Пленум мүшелері А.Есекенованың кандидатурасын бірауыздан жақтап дауыс берді.
Пленум отырысы Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағымен «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасындағы өзара әрекеттену және ынтымастық туралы Келісімге қол қоюмен аяқталды.