Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы, президиум мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және төрайымдары қатысты.
Жиынды алғы сөзбен ашқан Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Е.Ғ. Салықов Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырды, сонымен қатар облыстық кәсіподақ қозғалысының бүгінгі жай-күйі, кәсіподақ қызметіндегі маңызды мәселелер жөнінде тоқталып өтті.
Сондай ақ отырыста «Жаңа технология жетістіктің кілті», «Елбасының халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы жаңа бес әлеуметтік бастамалары» тақырыптарында Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» бастауыш ұйымдарының төрағалары Н.Н. Жайлауов, М.Б. Давлетов өз баяндамаларын оқыды.
Дөңгелек үстел барысында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен өтіп жатырған «Заманауи кезеңдегі кәсіподақтардың рөлі мен орны туралы» жалпыұлттық талқылау, кәсіподақтың жалпы қоғамдық саяси өмірдегі беделін көтеру, жұмысшылардың әлауқатын жақсарту жолындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту бағыттары туралы да сөз болды.
Жиын соңында ұйымдастырушылар аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдарын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Елбасы қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруда жұмыстарына табыс тіледі.
Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» Батыс Қазақстан облыстық филиалы Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығымен бірлесе отырып 2018 жылы 7 наурыз күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайы
- Подробности