Осы орайда 3 тамызда  Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Е. Салықов  бастаған кәсіподақ жетекшілері Казталов ауданында болып аудан әкімі А. Шыныбековтың төрағалығымен жиын  өткізді. Жиынға аудандық мекеме басшылары,  ауыл округінің  әкімдері, аудандық кәсіподақ жетекшілері қатысты. Күн  тәртібінде бүгінгі кәсіподақ қозғалысын жаңғырту,  ҚР Кәсіподақтар Федерациясымен алға қойылған жоспарлар, кәсіподақтар қатарын нығайту мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушыларға кәсіподақтардың  жұмысы жөнінде кәсіподақтар орталығының төрағасы, "Еңбек шартын жасаңыз" акциясы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасының өкілі ақпараттар берді. Жиын соңында облыстық кәсіподақтар орталығы мен Казталов аудандық әкімдігі арасында өзара іс қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Іс сапар бағдарламасына сәйкес кәсіподақ жетекшілері Казталов аудандық ауруханасында және Жалпақтал ауруханасында болып барлығы 560 адам жұмыс жасайтын ұжыммен кездесулер ұйымдастырды. Кездесулерде қатысушыларға "SENIM" денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы туралы толық ақпараттар берілді. Жиын барысында  қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарына толық жауаптарын алып "SENIM" денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағын қолдайтындарын айтып кәсіподақ құрамына кіру жөнінде бірауыздан шешім қабылдады.
Сонымен қатар салалық кәсіподақ жетекшілері өздеріне қарасты мекемелерде болып,  ұйымдастырылған кездесулердің нәтижесінде жаңа 3 бастауыш  кәсіподақ ұйымдарын құру туралы шешімдер қабылданды.