Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының әкімі – Қалияр Айтмұхамбетов пен Ақжайық аудандық білім қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Максим Үмбеталиевтің жетекшілігімен бірлестік ұжымы кәсіподақ ардагері – Қамария Айденованы 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Кәсіподақ жетекшісі өз сөзінде бірлестікте атқарылатын жұмыстар мен ұйымдастырылатын шаралардың ішінде кәсіподақ ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың еңбек жолдарын жас буынға насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында тәлім диалогтарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлетіндігін жеткізген еді.

Туған күнімен құттықтай келген аудан әкімі мен кәсіподақ ұжымына Қамария Айденова өзінің ризашылығын жеткізіп, ыстық лебізін жолдады.

Еңбек адамы – кәсіподақ назарында.

#kasipodaqkz
#БКҰ21
#Кәсіподақардагері