Өздеріңізге мәлім, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуын орай, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ағымдағы жыл бойы жүргізілетін бірнеше жобалар мен іс-шаралар жоспарын бекітіп, барлық өңірлер бойынша қызу жұмыстар басталып кеткен болатын. Дәл сондай жұмыстар Батыс Қазақстан облысында да орындалуда. «2021 жыл – бастауыш кәсіподақтар жылы» деп жариялануына байланысты облыстық кәсіподақтар орталығының ақпараттық және медиа саласы өңірдегі белсенді бастауыш кәсіподақ жетекшілерімен, кәсіподақ ардагерлерімен, білікті жас мамандармен онлайн сұқбат ұйымдастырып, әріптестік қарым-қатынасты нығайту шараларын тұрақты өткізіп келеді.
Бүгінгі онлайн сұқбаттың қонағы – бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді жас маманы, тәуелсіздік құрдасы Мейірім Мұқатаева.
Мейірім Болатқызы – 1991 жылы дүниеге келген, білім жоғары, 10 жылдық еңбек өтіліне ие  кәсіподақ ұйымының белсендісі. Қазіргі таңда, Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының жасөспірімдер оқу залының кітапханашысы.
Еске сала кетсек, Мейірім Болатқызы «Үздік жас кітапханашысы» номинациясы жеңімпазы. «Өмірде де, жұмыста да белсенділік, ашықтық, жауапкершілік қағидаттарына сүйенемін», -  дейді жас маман.
Сонымен қатар, Мейірім Болатқызы бірлестіктегі қызметкерлердің, кітапхана оқырмандарының еңбек қатынастарындағы сауаттылығын арттыруға бағытталған зияткерлік шараларды өзінің жетекшілігімен тұрақты ұйымдастырып отырады. Мекемедегі бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарына белсенді ат салысып, кәсіподақтар қозғалысындағы жастар жобаларына да қатысады. БҚО Кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің еңбек ардагерлерімен және шетелдік жұмысшылармен өткен шараларға қолдау білдіріп, кітапхана ұжымы мен кәсіподақ ұйымының әріптестік қарым-қатынасынасының нығаюына өз үлесін тигізуде.

#kasipodaqkz
#БКҰ21