10 маусым Қазақстан кәсіподақтарының күніне орай сол күні облыстық Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен салтанатты шара болып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары И.В.Стексов, облыстық мәслихаттың хатшысы М.И.Құлшар, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а С.Хангереев, облыс орталығындағы кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері, кәсіподақ ардагерлері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, барлығы 200-ге жуық адам қатынасты.
Салтанатты шара барысында облыс әкімінің орынбасары И.В.Стексов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ беделін нығайтуға өз үлестерін қосып жүрген бірнеше кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен мүшелерін облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Атап айтсақ, облыс әкімінің Алғыс хаттарыымен Т.Ғ.Абдулова, Ж.М.Төремұратова, Т.Қ.Мұсағалиев, Қ.К.Қожақов, С.Е.Ғұбашев, Л.М.Нұрғалиева, С.Қ.Әлібеков, Д.З.Қуанышқалиева, М.Қ.Қадырбаев, М.О.Оңдағанов, С.М.Қайырлапов, Н.М.Жалелов, С.И.Головченко, М.А.Хайруллиндер марапатталды.
Қазақстан Республикасының кәсіподақтары Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен М.О.Даупаев (Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы), Қазақстан Республикасының кәсіподақтары Федерациясының Құрмет грамоталарымен Н.М.Бекқайыр (Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы), Ю.Н.Любченко («Батыс су арнасы» ЖШС-гі қызметкерлерінің кәсіптік одағы), Т.Л.Қалиевтер («Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлерінің кәсіптік одағы) марапатталды. Құттықтау сөз және марапаттау рәсімін облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы А.Батырханов жүргізді.
Мерекеге орай «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен П.Мұқанов, денсаулық сақтау саласы бойынша кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға, медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін Р.Қ.Аюпов, Г.Ж.Жұмағалиева, У.И.Нурмухановалар марапатталды. Марапаттау рәсімін Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Ә.Н.Нұрғалиев және облыстық Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы С.Е.Ақдаутовтар жүргізді.
Сонымен бірге облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының Алғыс хаттарымен М.Н.Тлепов, С.Ш.Құрмашев, С.К.Қабдушева, Р.С.Кендалиева, Е.Т.Дүйсенов, А.О.Бозова, В.М.Чефелев, Т.Т.Есетов, Г.Х.Сариева, Б.Ұ.Нығметов, А.С.Мухсинов, В.А.Зимин, Ж.С.Шауенова, Н.М.Бахтығұлов, Ә.Ә.Қайыргузин, Т.М.Кәрімовтер марапатталды. Құттықтау сөз және марапаттау рәсімін кәсіподақ қозғалысының ардагері Р.Л.Кужекова жүргізді. Марапаттау рәсімдерін кейін кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбектері үшін кәсіподақ ардагерлері М.Әжіғұлов, Х.Ишанбеков, Р.Кужековаларға сый-сияпат көрсетілді.
Шара барысы облыстық жастар шығармашылығы орталығы көркемөнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
Салтанатты шарадан кейін ерлер арасында шағын футболдан, ал әйелдер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Шағын футболға кәсіподақ ұйымдарынан 10 команда, ал волейбол ойынына кәсіподақ ұйымдарынан 8 команда қатынасты.
Шағын футболдан ұйымдастырылған жарыста командалық І орынды білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының командасы, ІІ орынды денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағының командасы, ІІІ орынды «КПО б.в» компаниясы қызметкерлері кәсіптік одағының командасы иеленді.
Ал волейбол жарысынан командалық І орынды «КПО б.в» компаниясы қызметкерлері кәсіптік одағының командасы, ІІ орынды білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының командасы, ІІІ орынды «Батыс су арнасы» ЖШС-гі қызметкерлері кәсіптік одағының командасы иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша командаларға және үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» аталымдары бойынша шағын футболдан А.Хайрушев, Д.Құсмағамбетов, А.Аймурзин, Ә.Қайыргузин және волейболдан «Үздік ойыншы» аталымы бойынша Ғ.Сағитова, А.Нұрлановаларға облыстық кәсіподақтар орталығының Дипломдары мен сыйлықтары табыс етілді.
Шараның өткендігі туралы облыстық «Орал өңірі» газетінің 13 маусым күнгі №64-65 сандарында «Табиғат аясындағы мереке» және облыстық «Приуралье» газетінің 15 маусым күнгі №66-67 сандарындағы «В честь дня профсоюзов» тақырыптарындағы газет тілшісі Г.Әжігерееваның мақаласы жарық көрді.
Сонымен қатар шараның өту барысына облыстық «Қазақстан-Орал» телекорпорациясының тілшілері қазақ және орыс тіліндегі облыстық «Жаңалықтар» топтамасында кеңінен тоқталып өтті.
Кәсіподақтар күніне орай «Қазақстан-Орал» телекорпорациясында тікелей эфир ұйымдастырылып, оған облыстық кәсіподақтар орталығының бас маман-заңгері М.Жүсібалиева мен Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық салалық кәсіптік одағының маманы Г.Құрманғазиевалар қатынасып, облыстағы кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатырған қызметтері т.с.с өз ойларын ортаға салды.
Кәсіподақтар күніне орай «Ақжайық» футбол клубының стадионында мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының қолдауымен мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың 7 түрінен 19 команда қатынасқан Спартакиада оздырылды. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды облыстық кіріс департаментінің командасы, ІІ орынды Орал қаласы әкімі аппаратының командасы, ІІІ орынды Зеленов ауданы әкімі апаратының командасы иеленді. Командалар кубоктармен, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен бірге облыстық филармонияда мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ұйымдастыруымен қазақстан кәсіподақтары және мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжанов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Т.Мерғалиев баяндама жасаса, облыстық кәсіподақтар орталығының бас маман-заңгері М.Жүсібалиева ҚР-ның Еңбек кодексі, мемлекеттік қызметкер А.Сүгірбаев «Ұжымдық шарттар» тақырыбында сөз сөйледі.
Шара барысында А.Шыныбеков, А.Баянов, А.Абдиеваларға Орталық комитеттің Құрмет грамоталары табыс етілсе, БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов өз кезегінде мемлекеттік қызметпен қатар қоғамдық жұмыстарға белсенді қатынасып жүрген С.Бақманов, Р.Мырзабеков, Г.Аргеноваларға Алғыс хаттар табыстады.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешенінің акт залында кәсіподақтар күніне орай Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ күші-бірлікте» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты шараның І-ші бөлімінде ғылым және білім саласының дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері С.Иманғалиева, В.Баев, М.Жолдықайырова, Ж.Камкиевтерге сый-сияпат көрсетілді. Шара барысында облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Ғ.Жүсіпқалиева, «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығы» АҚ филиалы «БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры С.Ізмұхамбетова, ардагерлер атынан С.Иманғалиевалар кәсіподақ белсенділерін мерекелерімен құттықтады. Мерекелік жиында Л.Демченко, С.Қанатоваларға «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және бір топ кәсіподақ белсенділері ұйымның Құрмет грамоталарымен марапатталды. Шараның ІІ-ші бөлімі дөңгелек үстел отырысымен жалғасын тапты. Дөңгелек үстел барысында Ж.А.Оразбаева, Н.К.Ихсанова, Д.Ж.Зейнуллин, С.И.Ахановтардың баяндамалары тыңдалды.
Кәсіподақтар күніне орай Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының конференц-залында мерекелік мәдени іс-шара өтті. Кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен шақырылған қонақтарды аталмыш орталықтың директоры Б.Халиолла құттықтады. Ол өз сөзінде: «Көптеген мекеме, ұйым, кәсіпорындарда ұжым мүшелерінің қайғы-қуаныштарымен бөлісетін, есеп бөлімімен қатар лайықты қызмет атқаратын ұйым болса, ол кәсіподақ ұйымдары»-деп игі тілегін білдірді. Шара барысында орталық атынан кәсіподақ ұйымдарының жетекшілеріне Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар кеш қонақтарына арнап елге таныс Ж.Ғайсағалиев бастаған жас буын әншілер өнерлерін көрсетті.
Облыстық кәсіподақтар орталығы облыс көлеміндегі кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, көптеген қызметтерді атқарып, кәсіподақтар күнін өз деңгейінде атап өтті.
БҚО Кәсіподақтар орталығы